Шымкентте асфальтты мөлшерден тыс сатып алуды жоспарлаған мекеме басшысы жауапқа таратылды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Ол 759 млн теңгеге артығымен мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекіткен.

госзакупки
Фото: freepik.com

Шымкентте бюджеттік және қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін сомаға мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына қол қойғаны үшін 5 мемлекеттік ұйымның лауазымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мәселен, «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі» КММ-де 45 мың дана А-4 қағазын сатып алу жоспары негізсіз бекітіліп, қажеттілік пен бюджеттік лимиттен 90 млн теңгеге асқан.

Сондай-ақ, «Қаратау» КММ асфальтты мөлшерден тыс сатып алуды жоспарлап, 759 млн теңгеге артығымен сатып алудың жылдық жоспарын бекіткен.

- Қазіргі таңда мемлекеттік ұйымдардың сатып алу жоспарлары сәйкестендірілді. Тауарлар, жұмыстар мен қызметтер құнын артығымен енгізу жоғары бағамен сатып алуға ықпал етеді. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады,-деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Қанат Сүлейменов. 

Айта кетейік, бұдан бұрын Түркістан облысында білім саласының қызметкерлері 547 миллион теңгеден астам қаржы жымқырды деген айыппен сотталғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар