Ресейде БТР жеңіл автокөлікті қағып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат -Бүгін таңертең Ресейдің Кемерово қаласында «Kia» жеңіл автокөлігі бронетранспортерге соғылды, деп хабарлайды РИА Новости.
Жол көлік апаты жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8.00 шамасында Сибиряков - Гвардейцев және Соборный көшелерінің қиылысында болды. Агенттікке сұхбат берушінің мәлімдеуінше, жеңіл автокөлікті әйел адам басқарған.
Куәгерлердің айтуынша, «Kia» көлігі қатты соққы алып, алдыңғы әйнегі сынып, жүксалғышы ішіне қарай жапырылған. Алдын ала мәліметтер бойынша, жол көлігі апаты салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Полиция қызметкерлері оқиғаны жан-жақты тексеріп, апатқа қатысты тұлғалардың әрқайсысының кінәсінің деңгейін анықтап жатыр.
Net тілшісінің хабарлауынша, осы оқиғаның қарсаңында ғана Ровенский облысында әскери БТР шағын автобуспен соғылып, оның салдарынан үш адам зардап шеккен.