Ресейде ең үлкен гауһар тастардың бірі табылды

АСТАНА. KAZINFORM – Ресейдің Архангельск облысында Владимир Гриб атындағы кен орнында ең үлкен алмаз тасы табылды, деп хабарлайды Kazinform

Ресейде ең үлкен гауһар тастардың бірі табылды
Фото: t.me/@Цыбульский

Бұл туралы аймақ басшысы Александр Цыбулский өзінің Telegram-арнасында жазды. Бұл қазіргі Ресейде өндірілген ең ірі бес алмаздың бірі.

— Тас тек көлемі жағынан ғана таңқалдырып қоймайды, оның сапасы ерекше және нарықтық құны жоғары, — деп жазды Цыбульский.

Мұндай кристалдар үлесі барлық табиғи алмаздардың 2%-нан аспайды.

Қазақстандағы бриллиант нарығындағы проблемалар мен перспективалар туралы мына материалдан оқи аласыз. Сонымен қатар қойнауында қазба байлықтары бар жерлердің ортақ базасы құрылмақ

Соңғы жаңалықтар