Ресейде еңбек мигранттарын елден шығару тізімі кеңейтілді

МӘСКЕУ. KAZINFORM — Ресейде жұмыс істеуге келген шетелдіктерді көші-қон саласындағы құқық бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтетін заң күшіне енді. Бұл туралы агенттік тілшісі Ресей ІІМ Көші-қон қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Россия расширила перечень для выдворения иностранцев
Фото: Ритм Евразии

Нормалар 2026 жылғы 3 қарашада күшіне енді. Айыппұлдан бөлек әкімшілік жолмен жер аударуды көздейтін ӘҚБтК баптарының саны 22-ден 45-ке дейін өсті.

Атап айтқанда:

- полиция қызметкерінің немесе мемлекеттік шекараны күзететін әскери қызметшінің талабына бағynбау;

- ұсақ бұзақылық және қоғамдық тәртіпті бұзу;

- жұртшылық алдында өткізілетін іс-шараларды өткізу ережесін бұзу;

- интернетте адамның қадір-қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтын ақпаратты тарату;

- жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, жасы, дінге қатынасы және өзге де белгілері бойынша кемсіту;

- нацистік және экстремистік рәміздерді насихаттау, экстремистік материалдарды тарату;

- төтенше жағдай, терроризмге қарсы операция немесе әскери жағдай режимін бұзу.

Бұдан бөлек, жер аударуды жазаның басқа түрімен алмастыруға болмайтын құқық бұзушылықтар тізімі кеңейтілді. Оған, атап айтқанда, есірткі айналымына қатысты құқық бұзушылықтар енгізілді.

Мемлекеттік Дума төрағасы Вячеслав Володин Ресейге келетіндер заңдарды сақтауы, орыс тілін білуі, елдің мәдениеті мен дәстүрін құрметтеуі тиіс екенін атап өтті. Бұл шаралар қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға және көші-қон саласында тәртіп орнатуға бағытталған.

Айта кетейік, Ресей мұнай-химия өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салды.