04:58, 07 Наурыз 2012 | GMT +5
Ресейде Габриэль Гарсиа Маркестің ғұмырнамалық кітаптары алғаш рет басылып шықпақ
АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Ресейде колумбиялық жазушы, әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Габриэль Гарсиа Маркестің ғұмырнамалық кітаптары алғаш рет басылып шықпақ, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.

Автордың өзінің 28 жасқа дейінгі өмірін баяндаған «Жүз жылдық жалғыздық» атты кітабы наурыздың алғашқы жартысында сатуға түспек.
«Өмір туралы әңгімелеу үшін өмір сүру» деген атаумен ғұмырнамаларды АСТ баспасы әзірледі. Бұл кітапты шығару кеше 85 жасқа толған жазушының мерейтойына орайластырып отыр.
Жазушыны Ресей президенті Дмитрий Медведев құттықтап, Ресей мен Латын Америкасының арасындағы достық қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін оны Құрмет орденімен марапаттады.
Габриэль Гарсиа Маркес латынамерикандық танымал жазушы. Биыл ол бірнеше мерейтойларын - Нобель сыйлығын алғанына 30 жыл, ғұмырнамалық баяндары шыққанына 10 жыл, «Жүз жылдық жалғыздық» романына 45 жыл толуын атап өтпек.