Ресейде инфляция өсімі 2,1%-ды құрады
АСТАНА.KAZINFORM — Росстат дерегінше өткен жылдың соңында Ресейде инфляция 9,52 пайызды құраған.

2024 жылы баға өткен жылдармен салыстырғанда жылдам өсті: 2023 жылы — 7,42%, 2022 жылы -11,94% және 2021 жылы — 8,39%.
2024 жылдың соңына қарай бағаның өсуі ресми болжамдардан жоғары болды. Орталық банктің 2024 жылдың қазан айындағы инфляция болжамы 8,0-8,5% болса, Экономикалық даму министрлігінің қыркүйек айындағы болжамы 7,3% болды.
Росстат деректеріне сәйкес, Ресей Федерациясында азық-түлік өнімдері 2024 жылы 11,05%-ға қымбаттайды (2023 жылы 8,16%-ға өскеннен кейін).
Жеміс, көкөніс өнімдері 2023 жылы 24,19%-ға өскеннен кейін 2024 жылы 22,09%-ға қымбаттады.
Сары май бағасы 2024 жылы айтарлықтай — 36,23%-ға өсті. Сүт және сүт өнімдері — 15,74%-ға, балық және теңіз өнімдері — 14,93%-ға, күнбағыс майы — 12,69%-ға, нан және нан өнімдері — 13,22%-ға өсті.
Азық-түлік емес тауарлар бағасының өсуі 2024 жылы 6,12%-ды (2023 жылы — 5,96%) құрады. 2024 жылы бензин бағасы айтарлықтай өсті — 11,13%-ға, дәрі-дәрмектер — 10,61%-ға, құрылыс материалдары — 7,91%-ға өсті.
2024 жылы қызмет көрсету 11,52%-ға (2023 жылы 8,33%), сыртқы туризм — 14,82%-ға, телекоммуникация қызметі — 13,96%-ға, жолаушылар көлігі — 10,77%-ға, тұрғын үй-коммуналдық қызмет тарифтері — 9,48%-ға қымбаттады.