Ресейде қазақстандық суретшінің көрмесі өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Сәулет және дизайн» кафедрасының аға оқытушысы Майса Ықыласованың Ресейдің Омбы қаласында «Жібек жолы» атты дербес көрмесі өтуде, деп хабарлады www.strategy2050.kz.
None
None

Білім және ғылым министрлігінен хабарлағандай, көрмеге киізден басылған «Менің Қазақстаным» атты пейзаждар сериясы мен Мұқағали Мақатаевтың поэзиясына арналған «Мұқағали» атты графикалық суреттер сериясы - барлығы 30 туынды қойылды.

Ақпарат бойынша, Омбыдағы көрме суретші әріптестерімен, отандастарымен пікір алмасу алаңына айналды. Қазақстанның консулы Елдар Қонаев суретшінің еңбектерін жоғары бағалап, әрі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстың дамуына зор үлес қосқаны үшін Майса Ықыласоваға Алғысхат табыс етті.

Соңғы жаңалықтар