Ресейде ҚҚС төмендеуі қашан болатыны белгісіз

МӘСКЕУ.KAZINFORM — Кремльде қосылған құн салығының (ҚҚС) 22%-ға дейін арттырылған мөлшерлемесі қанша уақыт сақталатыны туралы түсінік жоқ, деп мәлімдеді РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков, деп хабарлайды агенттік тілшісі, ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Ресейде ҚҚС төмендеуі қашан болатыны белгісіз
Фото: ТАСС

Оның айтуынша, 2026 жылдан бастап ҚҚС мөлшерлемесін арттырудан кейін оның төмендеуінің нақты мерзімі туралы айтуға әлі ерте, қазіргі уақытта 22% мөлшерлеме Қаржы министрлігінің есептеулері бойынша негізделген.

Айта кетейік, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетте барлық 3 жылға ҚҚС-тың 22% мөлшерлемесі бойынша түсімдер қарастырылған.

Бұған дейін, 28 қарашада Ресей президенті Владимир Путин 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚҚС мөлшерлемесін 20%-дан 22%-ға дейін арттыруды көздейтін заңға қол қойған еді, әлеуметтік маңызы бар тауарларға — азық-түлікке, дәрі-дәрмектерге және балалар тауарларына 10% жеңілдетілген мөлшерлеме сақталады.

8 желтоқсанда Владимир Путин Ұлттық жобалар және стратегиялық даму жөніндегі кеңес отырысында келесі жылы ҚҚС-тың 22%-ға дейін артуы уақытша болады деген үмітін білдірді.

Сонымен қатар, ҚҚС өсімі кәсіпкерлердің көлеңкелі секторға кетуіне әкелмеуін бақылауды тапсырды.

Айта кетелік Ресейде ҚҚС мөлшерлемесін 22%-ға дейін көтеру мәселесі қаралып жатқаны туралы жазған едік.

Бұған дейін Қазақстанда мемлекеттік сатып алуда ҚҚС қолдану 1 қаңтардан бастап жаңа тәртіп бойынша жүзеге асырылатыны хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар