11:20, 09 Сәуір 2024 | GMT +5
Ресейде көпір опырылып, бір әйел қаза тапты
АСТАНА. KAZINFORM – Ресейдің Вязьма қаласында көпір опырылды, cол уақытта көпір үстінде бірнеше көлік болған, деп хабарлайды РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің Смоленск облысы департаменті.

«Оқиға салдарынан 6 адам зардап шекті. 1987 жылы туған әйел қайтыс болды, бес адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 2010 жылы туған бір бала бар», - делінген хабарламада.
Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр, құтқару жұмыстары жүргізілуде.