Ресейде Max мессенджері міндетті болады

МӘСКЕУ.KAZINFORM - Ресейлік Max мессенджері электронды құрылғыларға алдын ала орнатылатын міндетті қосымша болмақ. Тиісті қаулыға РФ Үкіметінің басшысы қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ресей Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Max мессенджері
Фото: ТАСС

Max 2023 жылдан бері қолданылып келген VK Messenger-дің орнын басады. Жаңа қосымшаға қатысты Ереже биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.

Хабарламада айтылғандай, осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап ресейлік RuStore қосымшалар дүкені iOS және HyperOS операциялық жүйелерін қолданатын құрылғыларға алдын ала орнатылуы міндетті болады.

Сонымен қатар, РФ Үкіметі 2026 жылы электронды құрылғыларға алдын ала орнатылуға тиіс бағдарламалардың тізімін бекітті. Атап айтқанда, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап сандық басқару блогы бар теледидарларға Lime HD TV орнатылады.

Айта кетейік, бұған дейін ресейлік Max мессенджерінде 18 млн. пайдаланушы тіркелгені хабарланған еді.

 

Соңғы жаңалықтар