Ресейде несиені кешіктіріп төлейтіндер көбейді

АСТАНА. KAZIMFORM – Ресейде уақытында төленбеген тұтынушылық несие көлемі 1,5 трлн рубльге жетті. Бұл кейінгі 6 жылда тіркелген рекордтық деңгей, деп жазады ресейлік ТАСС.

Центральный банк Российской Федерации, Банк России, ЦБ РФ, Центробанк России
Фото: cbr.ru

Әсіресе 2023-2024 жылдары тәуекелге бел буып, жоғары ставкалармен рәсімделген ссудаларды кешіктіретіндер көп, деп нақтылады реттеуші. Бұл туралы Ресей банкінің мәліметтеріне сілтеме жасап «Известия» жазған.

Проблемалық ссудалар саны өткен жылмен салыстырғанда мамыр айында 400 млрд рубльге артқан.

Проблемалық ссудалардың 90% резервтен жабылды. Бұл дегеніңіз банктер ақша қайтарылмаған жағдайда пайдалану үшін арнайы қаржы сақтап отырғанын көрсетеді. Қарыз жүктемесі жоғары несие беруді шектеу банктердің несие портфелінің жақсаруына ықпал етеді, деп жазды басылым.

«Известияға» Бірлескен несие бюросының бас директоры Михаил Алексиннің айтуынша, нарықта ссудалар бойынша көрсетілетін қызмет сапасы күрт нашарлаған. Несиелерді кешіктіру тәуекелі 2024 жыл бойына жинақтала берді. Ал оның және дефолттың шарықтау шегі 2025 жылға келді.

Бюроның мәліметтеріне сәйкес, несие карталары бойынша төлемді кешіктіру 1,5-1,8 млн адамға көбеюі мүмкін. Бұл 2024 жылдың екінші жарты жылдығындағы деңгейден 70-90 пайызға көп. Басылым қазіргі таңда алғашқы жартыжылдықтың нақты мәліметтері жоқ екенін жазды.

Осыған дейін Ресейде өзін банкрот деп жариялайтындар саны көбейгені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар