Ресейде Өзбекстан азаматынан 10 келі шаш тәркіленді
АСТАНА. KAZINFORM — Ресейдің Нижний Новгород қаласының соты Өзбекстан азаматынан 10 келіден астам шашты ресми түрде тәркілеуге шешім шығарды.
Жолаушы Нижний Новгородтың Чкалов әуежайына 2025 жылдың 22 шілдесінде Өзбекстаннан келген, бірақ тәркілеу туралы сот шешімі 2026 жылдың наурыз айында жарияланды.
Оның жүгінен әртүрлі ұзындықтағы 94 байлам табиғи адам шашы табылды. Жалпы салмағы 10,05 келі болды.
Ер адам жүкті декларацияламай «жасыл жолақтан» өтуге тырысты. Тауарлардың көлемі мен сипаты «жеке пайдалану үшін» санатына сәйкес келмегендіктен, одан кедендік декларация тапсыру талап етілді.
Қаланың Автозаводская аудандық соты шетелдікті тауарларды декларацияламағаны үшін кінәлі деп тапты. Шаш мемлекеттік кіріске аударылды. Қазіргі уақытта ер адам шешім үстінен облыстық сотқа шағымдануға тырысып жатыр.
Бұл рекордтық көрсеткіш емес: 2025 жылдың шілдесінде Волгоградта Дубайдан ұшып келген тағы бір Өзбекстан азаматынан құны 4,3 миллион рубльден асатын 41 келіге жуық шаш (222 байлам) тәркіленді. Олар Мәскеудегі сұлулық салонына жеткізілуі керек еді.
Еске сала кетейік, Ресейде метеоритті заңсыз алып шығу әрекеті тоқтатылды.