Ресейде тәртіп бұзған мигранттарды елден шығару көрсеткіші 17%-ға өсті
МӘСКЕУ.KAZINFORM - 2024 жылы Мемлекеттік Дума көші-қон саясаты саласында 21 заң қабылдады, оның 17-сін депутаттар ұсынған. Заңсыз көші-қонды тежеу жүйесі жасалды. Бұл туралы парламент төрағасы Вячеслав Володин өзінің Telegram-арнасында хабарлады, деп жазады агенттігінің тілшісі.

Володиннің айтуынша, жаңа нормалардың нәтижесінде заңсыз көші-қонды ұйымдастыру және мұндай қылмыстарға қатысу үшін жауапкершілік күшейтілді. Құқық қолдану тәжірибесінің талдауы – қабылданған нормалардың тиімділігін көрсетті. Бұл үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ресейдің ІІМ деректеріне сәйкес, 2025 жылдың алғашқы 6 айында:
• заңсыз көші-қонды ұйымдастыру бойынша (РФ ҚК 322.1-бабы) анықталған қылмыстар саны 7,2%-ға артқан.
• шетел азаматтарының Ресейге кіру ережелерін немесе елде болу тәртібін бұзу фактілерін тоқтату көрсеткіші 27,9%-ға көбейген.
Уақытша тұруға берілген рұқсаттар саны 31,6%-ға, тұруға ықтиярхаттар – 32,2%-ға азайған. Ресей Федерациясынан тәртіп бұзған мигранттарды елден шығару көрсеткіші 17%-ға өскен (2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда). Сонымен қоса, Володин 791 адамның Ресей азаматтығынан айрылғанын атап өтті.
Айтап өтетін жағдай, 2025 жылғы 11 тамызда 31.07.2025 ж. №316-ФЗ Федералдық заңы күшіне енді, ол Ресей азаматтығын тоқтату негіздерін кеңейтті (барлығы – 80). Тізімге ҚК-нің 14 бабындағы 20-дан астам құрам қосылды.
Көші-қон заңнамасын қатаңдату әзірге Ресейге келушілер санына әсер еткен жоқ. Елге Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстан азаматтары келіп жатыр.
Володин сондай-ақ осы бағытта тағы бірқатар бастамалар әзірлену үстінде екенін атап өтіп, «сіздердің ұсыныстарыңызды да күтемін» деп жазды.
Осыған дейін Ресей Федерациясының көші-қон заңдарын бұзып жүрген шетелдіктерге өз мәртебесін заңдастыруға немесе елден шығуға бір ай уақыт қалғаны туралы жаздық.