Ресейде Telegram және WhatsApp арқылы қоңырауларға шектеу қойылды

АСТАНА. KAZINFORM —  Ведомство мәліметінше, бұл шараға құқық қорғау органдарының деректері мен алаяқтардың құрбаны болған азаматтардың шағымдары негіз болған, деп хабарлайды Kazinform агенттігі. 

Ресейде Telegram және WhatsApp арқылы қоңырауларға шектеу қойылды
Фото: Heather McKean/Unsplash

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, шетелдік мессенджерлер Telegram және WhatsApp ресейлік азаматтарды алдап-арбау, ақша бопсалау, диверсиялық және террористік әрекеттерге тарту мақсатында ең көп пайдаланылатын дауыс беру сервистері болып отыр. Алайда мессенджер иелері тарапынан қарсы шаралар қабылдау туралы талаптар ескерусіз қалған.

— Құқық қорғау органдарының материалдарына сәйкес, қылмыскерлерге қарсы іс-қимыл жасау үшін осы шетелдік мессенджерлерде қоңырауларды ішінара шектеу шаралары қабылданады. Олардың басқа функцияларына ешқандай шектеу енгізілмейді. Қылмыскерлердің қоңырауларына қарсы күрес жүйелі түрде жүргізілуде, — делінген ведомство хабарламасында.

Mediascope деректері бойынша, Ресейде WhatsApp ай сайынғы аудиториясы 97,5 миллион адамға жетеді, бұл — халықтың 79%-ы.

Бұған дейін Қазақстанның Ресейдегі елшілігіндегі консулдық алымдар жаңартылғаны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар