Ресейде теракт жасау әрекеті кезінде Қазақстанның екі азаматы мерт болды

АСТАНА. KAZINFORM — Ресейде теракт жасау әрекеті кезінде Қазақстанның екі азаматы мерт болды. Бұл ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады.

фото: ҰҚК баспасөз қызметі
фото: ҰҚК баспасөз қызметі

«БАҚ-та Ресей Федерациясында Қазақстанның екі азаматының террорлық акті жасауды ұйымдастыруға әрекеті кезінде Ресейдің күштік құрылымдарымен көзі жойылғаны туралы ақпарат жарияланды. Бұл адамдардың қазақстандық азаматтығы және Ресейге барғаны расталады», - делінген комитет таратқан ақпаратта. 

Аталған факті бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Тексеріс ынтымақтастық арнасы аясында Ресей ФҚҚ-мен тығыз байланыста жүзеге асырылуда.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.

Соңғы жаңалықтар