Ресейде ұлттық мессенджер пайда болады
МӘСКЕУ. KAZINFORM — РФ Федерация Кеңесі деректер алмасуға арналған көпфункциялы цифрлық платформаны құру туралы заңды мақұлдады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

Оны тек қарым-қатынас құралы ретінде ғана емес, мемлекеттік қызметтер алаңы ретінде де пайдалануға болады.
Қосымшаның ерекшеліктері:
• жаңа цифрлық платформа мессенджер мен мемлекеттік қызметтердің функцияларын біріктіреді;
• азаматтар цифрлық ID арқылы жеке басын растай алады — қағаз құжаттарды көрсетудің қажеті болмайды – бұл қонақүйге орналасу кезінде немесе тауар сатып алуда жасын растау секілді жағдайларда қолданылады (жекелеген жағдайларды қоспағанда);
• қосымша білім беру саласындағы қатысушылардың өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
• платформаны мемлекеттік және жергілікті органдар азаматтармен байланыс үшін пайдалана алады;
• «Госключ» жүйесімен интеграция шарт жасасу кезінде күшейтілген цифрлық қолтаңбаны пайдалануға мүмкіндік береді;
• бұл сервис шетелдік мессенджерлердің қауіпсіз әрі бәсекеге қабілетті баламасы болмақ.
Осы жылдың наурызында VK Max цифрлық платформасының бета нұсқасын іске қосты, ол арқылы пайдаланушылар мессенджерде сөйлесіп, қоңырау шала алады, сондай-ақ дыбыстық хабарламалар мен файлдарды жібере алады.
Бұған дейін Ресейде дропперлер үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілгені хабарланды.