Ресейде жаппай төбелескен 11 өзбекстандық қамауға алынды

АСТАНА. KAZINFORM — Ресейдің Амур облысы Свободный қаласындағы мектеп стадионында жаппай төбелес ұйымдастырған Өзбекстанның 11 азаматы сот шешімімен қамауға алынды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі. 

Ресейде жаппай төбелескен 11 өзбекстандық қамауға алынды
Фото: amur.life

Оларға бұзақылық жасады деген айып тағылды (Ресей Әкімшілік жауапкершілік кодексінің 20.1-бабының 1-бөлігі). Сот барлығын кінәлі деп тауып, 12-14 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы үкім шығарды.

Мигранттарды 25 мамырда Свободныйдағы мектеп стадионында футбол матчы кезінде туындаған төбелес үшін полиция қызметкерлері ұстады. Бір адамға медициналық көмек қажет болды.

Бұл ретте полиция денеге орташа ауырлықтағы зиян келтіру фактісі бойынша (РФ Қылмыстық кодексінің 112-бабы, 1-бөлігі) қылмыстық іс қозғады.

- Кінәлі деп танылғандар 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ оларға Ресейге кіруге тыйым салынады, - деп хабарлады Амур облысы бойынша тергеу комитеті.

Тергеуді Ресей Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин өз бақылауына алғаны атап өтілген.

Еске сала кетейік, Ресейде зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйел үш баласымен Өзбекстанға қайтарылды

Соңғы жаңалықтар