Ресейде жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті

АСТАНА. KAZINFORM — Ресейдің Брянск облысында үстінде жүк көлігі келе жатқан көпір опырылып құлап, астында өтіп бара жатқан пойыз вагонына түсті. 7 адам қаза тауып, 30-дан аса адам зардап шекті,  деп хабарлайды Kazinform тілшісі ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Ресейде жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті
Фото: РИА Новости

Апаттық жағдайдан кейін жолаушылар пойызы рельстен шығып кеткен.

Брянск облысының губернаторы Александр Богомаз А-240 федералды тас жолының бір учаскесінің ауданында жеңіл көліктер мен жолаушылар пойызының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болғанын хабарлады. Пойызда 388 жолаушы болған.  

Барлығы 71 адам зардап шекті, оның 27-сіне медициналық көмек көрсетілді. 7 адам қайтыс болды, 3 адамның жағдайы ауыр. 

Апат болған жерде төтенше жағдайлар қызметі мен мемлекеттік органдардың өкілдері жұмыс істеп жатыр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Матай стансасындағы теміржол өткелінде көлік пойызбен соқтығысқанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар