Ресейдегі теракт құрбандарының саны 133-ке жетті

АСТАНА. KAZINFORM — Ресейдің ТЖМ «Крокус Сити Холлда» қаза тапқан құрбандардың болжамды тізімін жариялады. Құжатта әзірге тек 13 адамның аты-жөні жазылған. 

МЧС
Фото: РФ ТЖМ

ТЖМ аталған тізім Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сай жасалғанын хабарлады. Тізім әлі де толығуы мүмкін. 

Ресей
Фото: РФ ТЖМ

РФ Тергеу комитеті теракт салдарынан ажал құшқан құрбандардың саны 133 болғанын хабарлады.  

Ресей
Фото: РФ ТЖМ

Ресейдің ТЖМ мамандары «Крокус сити холл» ғимаратындағы үйінді астынан іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. 63 куб метр конструкция бөлшектеніп, тазаланды. Арнайы робот техниканың жұмылдырылуымен өрт ошағы іздестіріліп жатыр.  

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум