Ресейдегі төтенше жағдайдан қаза тапқандар саны 23 адамға жетті

МӘСКЕУ. KAZINFORM — Ресей ТЖМ мәліметінше, Рязань облысының Шилов ауданындағы кәсіпорында болған жарылыс салдарынан қаза тапқандардың саны 23 адамға өсті.

чп под Рязанью
Фото: РФ ТЖМ

Хабарламада құтқарушылар үйінді астынан тағы екі адамның мәйітін тапқаны, ал жарақат алғандардың бірі ауруханада көз жұмғаны айтылған.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 15 тамызында шамамен 10:30–да (Мәскеу уақытымен) Рязань облысы Шилов ауданындағы синтетикалық талшықтар өндіретін «Эластик» зауытының оқ-дәрі цехында өрт шығып, соның салдарынан жарылыс болған.

Өңір билігі төтенше жағдайдың зардаптарын жою үшін арнайы штаб құрды. Ағымдағы жылдың 18 тамызы Рязань облысында қаза тапқандарды аза алу күні болып жарияланды.

Рязань облысының губернаторы Павел Малковтың айтуынша, қаза тапқандардың отбасыларына 1 млн 567 мың рубльден, ал зардап шеккендерге 627 мың рубльге дейін өтемақы төленетін болады.

Бұған дейін Рязань маңындағы зауытта үйінді астында қалған 11 адам қаза тапқанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар