Ресейдегі турнирде 7 қазақстандық боксшы келесі кезеңге өтті

АСТАНА. KAZINFORM - Хабаровск қаласында (Ресей) өтіп жатқан Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық турнирдің үшінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының сапындағы 9 боксшының 7-еуі жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. 

Мұхамедсабыр Базарбайұлы
Фото: Olympic.kz

Ел құрамасының атынан сынға түскен Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (67 келі) беларусьтік Даниил Титконы айқын басымдықпен жеңсе, Сағындық Тоғамбай (92 келі) ресейлік Егор Плоцынді 5:0 есебімен қапы қалдырды. 60 келіде Бейбарыс Жексен моңғолиялық Гонболд Даринбауфқа 2:3 есебімен есе жіберді.

Ал әйелдер құрамасынан Гүлнар Тұрапбай (50 келі) кубалық Стерлин Делиді, Айдана Забынбекова (57 келі) Анастасия Павлованы, Римма Волосенко (60 келі) моңғолиялық Намул Монкхорды, Аружан Жаңабаева ( 66 келі) ресейлік Наталья Соколованы, Ұлдана Таубай (66 келі) ресейлік Анна Гударованы жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды. 

Өкінішке қарай 54 келіде сынға түскен Әнел Сақыш Солтүстік Кореядан келген Чжон Хуанға 1:4 есебімен есе жіберді. 

Айта кетейік, халықаралық турнир биыл он алтыншы рет ұйымдастырылып отыр. Байрақты бәсеке 20 сәуірге дейін жалғасады. 

Бұған дейін Ресейдегі турнирде 9 қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығатынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар