Ресейдегі турнирде бүгін қазақстандық тоғыз боксшы шаршы алаңға шығады

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін, 17 сәуірде Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық турнирдің үшінші жарыс күнінде ел құрамасынан тоғыз боксшы шаршы алаңға шығады.

Ресейдегі турнирде бүгін қазақстандық жеті боксшы шаршы алаңға шығады
Фото: Pixabay.com

Халықаралық турнир биыл он алтыншы мәрте ұйымдастырылып отыр. Байрақты бәсеке 20 сәуірге дейін жалғасады.

Ерлер:

60 келі. Бейбарыс Жексен — Гонболд Даринбауф (Моңғолия)
67 келі. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы — Даниил Титко (Беларусь)
92 келі. Сағындық Тоғамбай — Егор Плоцын (Ресей)

Әйелдер:

50 келі. Гүлнар Тұрапбай — Стерлин Дели (Куба)
54 келі. Әнел Сақыш — Чжон Хуан (КХДР)
57 келі. Айдана Забынбекова — Анастасия Павлова (Ресей)
60 келі. Римма Волосенко — Намул Монкхор (Моңғолия)
66 келі. Аружан Жаңабаева — Наталья Соколова (Ресей)
66 келі. Ұлдана Таубай — Анна Гударова (Ресей).

Еске салсақ, 16 сәуірде ел құрамасынан үш боксшы жеңіске жетті.

2021 жылғы әлем чемпиондары Теміртас Жүсіпов (48 келі) турнирде ресейлік Михаил Прокофьев, Сәкен Бибосынов (54 келі) ресейлік Курбан Байрамбековті 5:0 есебімен тізе бүктірді.

Ал 63,5 келіде Жандос Қыдыралиев әзербайжандық Абил Мамедовпен кездесуі тиіс еді. Қарсыласының жекпе-жектен бас тартуына байланысты жеңіс Жандосқа берілді.

Соңғы жаңалықтар