Ресейдегі балалар лагерінде 60-тан астам адам уланды

ЕКАТЕРИНБУРГ. ҚазАқпарат - Ресейдің Свердловск облысындағы «Сосновый бор» лагерінде демалып жатқан 64 адам ішек инфекциясын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы ТАСС облыстық прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

«33 адам Кушва қаласындағы ауруханада, 31-і Нижний Тагилге жеткізіледі. Қазір ол жерде 20 адам бар, лагерьден тағы 11 бала әкелінеді», - делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі оқиға орнында ведомствоның және Апаттар медицина орталығының өкілдері, сондай-ақ жергілікті ауруханалардың қызметкерлері жұмыс істеп жатқанын хабарлаған. «Науқастардың емделуіне қажеттінің бәрі бар, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Улану себептері тексеріліп жатыр», - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Прокуратура өкілдерінің айтуынша, балалардың барлығында ұқсас симптомдар байқалып отыр.

«Лагерьді ұйымдастырумен «Солнечный» ұйымы айналысады. Прокуратура лагерьдегі тағамдардың сынамаларын зертханада тексеру үшін мамандарды жұмылдырды», - деп мәлімдеді прокуратураның баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар