10:12, 28 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Ресейдегі бокс кешінде 2 қазақстандық жұдырықтасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық былғары қолғап шебері Мейіржан Жақсылықов (10-3, 4 КО) Ресейдің Екатеринбург қаласында 13 ақпан күні RCC Boxing Promotions компаниясы ұйымдастыратын бокс кешінде шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Sports.kz.

Мейіржан екінші жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жегінде Қырғызстан өкілі Ақжол Сүлейменбекұлына (9-0, 4 КО) қарсы қолғап түйістіреді.
Мейіржаннан тыс, сол кеште тағы бір отандасымыз Дәулет Дәукенов (3-0, 1 КО) рингке шығып, украиналық Антон Вселовскиймен (2-0, 1 КО) жекпе-жек өткізбек.