Ресейдегі қант бағасының өсуі Қазақстанның нарығына әсер етті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресейдегі қант бағасының өсуі Қазақстанның ішкі нарығына әсер етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.
Жыл басынан бері екі ай ішінде қант құнының өсуі 3,5%-ды құрады (өткен жылдың ұқсас кезеңінде бағаның 3,5%-ға төмендеуі байқалды). Өңірлерде қант Шымкент қаласында - 14,7%, Қарағанды - 11,1%, Ақтау - 10%, Талдықорғанда - 5,1%, Тараз - 4,6%, Орал мен Павлодар - 4%, Жезқазғанда - 3,6%-ға қымбаттады.
Бағалық сөз байласу белгілерінің болуына байланысты 2 көтерме жеткізушіге бағалард төмендету туралы хабарлама жіберілді (Қарағанды обл.).
Хабарлама бір ай мерзімде орындалмаған жағдайда, монополияға қарсы орган Кәсіпкерлік кодекске сәйкес тергеп-тексеруге бастамашылық жасайды.
Сонымен бірге бағаның күрт өсуіне бірқатар факторлар әсер етті. Бұл ішкі нарықты 60% қамтамасыз ететін ресейлік және белорустық өндірушілердің өнімдерді жеткізушілер бағаларының өсуі.
Қазіргі кезде Ақсу және Меркі қант зауыттары (Алматы және Жамбыл обл.) маусымның аяқталуына байланысты өз өндірісін уақытша тоқтатты.