Ресейдегі Қазақстан Елшілігі қаржылық шығынға ұшырады деген ақпарат жалған - ҚР СІМ

None
None
АСТАНА. 2   шілде. ҚазАқпарат - Ресейдегі Қазақстан Елшілігі қаржылық шығынға ұшырады деген ақпарат жалған. Бұл  туралы бүгін брифинг барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«Қазіргі таңда, ҚР-ның Ресей Федерациясындағы Елшілігі «Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің ғимараттар кешенін кеңейту және Қазақ мәдени және іскерлік орталығын салу» инвестициялық жобасын іске асыруда. Аталған жоба Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Резиденциясын орналастыру үшін арналмаған және Қазақстан Республикасының Елшілігі аталған жобаны іске асыру барысында ешқандай сомадағы қаржылық шығынға ұшырамағандығын ерекше атай отырып, БАҚ-та таратылып жүрген ақпараттар шындыққа жанаспайтынына ерекше назар аударамыз», - деді ресми өкіл.

Оның атап өтуінше, бұл жоба «Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің ғимараттар кешенін кеңейту және Қазақ мәдени және іскерлік орталығын салу» үшін арналған.    

«Қазіргі уақытта ҚР Ресейдегі Елшілігі Чистопрудный бульварында орналасқан № 1 А үйдің жертөлесіне өз еркімен кіріп алған белгісіз тұлғаларды шығару бойынша Мәскеу қалалық жергілікті атқарушы биліктің мемлекеттік органдарымен келіссөздер жүргізуде», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар