Ресейдегі Қазақстан Елшісі Екатеринбордағы Ельцин орталығының ашылуына қатысты

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Марат Тәжин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Екатеринбордағы Борис Ельциннің Президенттік орталығының (Ельцин Орталығы) ашылу салтанатына қатысты.
None
None

Салтанатты шараға РФ Президенті В.Путин, РФ Премьер-Министрі Д.Медведев, РФ Үкіметінің мүшелері, әлемдік саясаткерлер, ресейлік мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, журналистер қатысты.

Орталықтың негізгі міндеті - Ресейдің бірінші президенті мен сол кезеңнің тарихи мұрасын сақтап қалу. Орталықтың басты бөлігі - мұражай. Ондағы заманауи мультимедиялық технологиялар құжаттарға, мұрағат фотоларына, артефакттарға «жан бітіретін» іспетті. Кешенде кітапхана, мұрағат, білім беру (оқыту) және балалар орталықтары, көрме залдары бар.

Б. Ельциннің Президенттік орталығы 2008 жыл 13 мамырдағы «Өз өкілеттілігін атқаруды тоқтатқан РФ президенттерінің тарихи мұраларының орталықтары туралы» РФ №68-ФЗ сәйкес құрылды.

Соңғы жаңалықтар