Ресейдегі турнирде 7 қазақстандық боксшы жартылай финалға шықты

НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейде бүгін бокстан Санкт-Петербург губернаторының кубогында жартылай финал ойындары болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Былғары қолғап шеберлері он салмақта сынға түседі. Олардың арасында қазақстандық боксшылар жеті салмақта финалға шығу мақсатында шаршы алаңда сайысқа түседі.

Қазақстандық Даниал Сәбит (49 келі) ресейлік Игорь Царегородцевпен, Махмуд Сабыржан (52 келі) ресейлік Василий Егоровпен, Бекнұр Ожанов (60 келі) ресейлік Максим Чернышевпен қолғап түйістіреді. Ал 69 келіде Асланбек Шымбергенов өзбекстандық Бобо Усман Батуровпен, 75 келіде Әбілхан Аманқұл ресейлік Андрей Ковальчукпен, 81 келіде Бекзат Нұрдәулетов ресейлік Андрей Косенковпен, 91 келіде Айбек Оралбай беларусьтік Владислав Смягликовпен қолғап түйістіреді.

Айта кетейік, халықаралық турнирде әлемнің 15 елінен 100- ге тарта боксшы келді. Қазақстан атынан жарысқа 9 салмақта 10 былғары қолғап шебері аттанды.


Соңғы жаңалықтар