Ресейдегі жағдайға қатысты елге оралғысы келген студенттер болды – СІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан азаматтарының Ресейдегі жағдайға байланысты елге оралуы бойынша Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында А.Смадияровқа: «Ресейдегі соңғы күндергі жағдайға байланысты елге ораламын деген азаматтар немесе студенттер болды ма?», - деген сауал қойылды.

«Ресейдегі жағдай бойынша елге келемін деген студенттер болды. Соңғы 2-3 күн ішінде «Азаматтарымызды неліктен эвакуция жасамайсыздар? деген көп сұрақтар болды. Айтайын дегенім, екі ел арасындағы шекара ашық, Ресейде соғыс жарияланған жоқ. Әуе қатынасы да қалпында, пойыздар мен көліктер жүріп жатыр. Сондықтан әр адамның өз еркі. Азаматтарымызды эвакуациялайтын жағдай емес», - деп жауап берді Айбек Смадияров.

Сондай-ақ СІМ өкілі жалпы көрші елдегі жағдай бойынша Қазақстанның ұстанымына қатысты пікір білдірді.

«Қазақстанның ұстанымын Мемлекет басшысы нақты айтып кетті. Бұл – Ресейдің ішкі ісі», - деп қысқа қайырды.


Соңғы жаңалықтар