Ресейдегі жолбарыс пен ешкінің достығы сафари-паркті байытты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пиморскідегі сафари-парктің 9 жылдық тарихында тұңғыш рет келушілер қатары 2 қаңтар күні рекордты көрсеткішке жетті, деп жазады ТАСС.
None
None

Бұл туралы парк директоры Дмитрий Мезенцев айтқан.
«Парк 2007 жылы ашылғалы бері мұнша адам көп келіп көрген емес. Адамдар әдеттегіден үш есе артық келді», - деді Мезенцев.
Осыған байланысты парктің жұмыс кестесін өзгертіп артық жұмыс режімін енгізген.
Бұған дейін БАҚ беттерінде хабарланғандай, ешкі жолбарысқа тамақ ретінде жіберілген. Алайда, бір айдан астам уақыт өтсе де жолбарыс оны әлі жеген жоқ. Керісінше, олар саябақ ішінде бірге серуендеп, бірге жүреді. Екеуін ажыратып басқа торға кіргізіп көрсе, олардың бірін бірі іздейтіні байқалған. Жолбарыс тіпті, өзі жататын үйшікті ешкіге босатып берген.

Соңғы жаңалықтар