Ресейден әкелінген ет өнімдерінен ішек таяқшасы мен шошқа ДНҚ-сы анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық департаменттері дүкендерден және сақтау қоймаларынан Қазақстан Республикасының техникалық регламенттеріне сәйкес келмейтін ресейлік өндірістің ет өнімдерін алды, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметінен.
None
None

Ағымдағы жылғы наурызда ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық департаменттері техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін тамақ өнімдерінің 272 сынамасын анықтады, оның ішінде 74 сынама - ет өнімдері, ол сәйкес келмейтін өнімдердің жалпы санының 28%-ға жуығын құрады. Мынадай өндірушілердің ет өнімдерінің 13 сынамасында: «Курганский мясокомбинат» ЖШҚ «Стандарт» - Қорған қ.; «Омский Бекон» ААҚ, Омбы облысы, Калачинск қ.; «Калининградский мясоперерабатывающий завод «Дейма» ААҚ; «Орелпродукт» ЖАҚ, РФ, Орлов обл. Мценск қ.; «РАПП Кавказ-мясо» ААҚ, «Мясокомбинат Шиловский» ЖШҚ Рязань облысы, Шиловский ауданы, Шилово кенті; «Микояновский мясокомбинат» ЖАҚ Ресей, Мәскеу қ.; «Черкизовский МПЗ» ААҚ Мәскеу қ. - «Говядина тушеная», «Говядина богатырская», «Конина тушеная натуральная» консервілерінде; «Нежный из печени индейки», «Нежный из гусиной печени», «Нежный из говяжьей печени» паштеттерінде; «Русский фермер» кенеулі сосискаларында, «Южные по-черкизовски» сосискаларында, «Триумф» ыстап пісірілген сиыр етінде шошқа ДНҚ-сы анықталды, бұл ретте өнімнің таңбалауында шошқаның бар екені көрсетілмеген, бұл тұтынушыны жаңылыстырады. Алматы облысындағы «City Plus» супермаркетінде іріктеп алынған РФ, Алтай өңірі, «Золотой пельмешек» ЖШҚ өнімдерінде, өлшеп-оралған сібірлік пельмендерінде ішек таяқшасы тобының бактериялары анықталды. Батыс Қазақстан облысында «Бәйтерек» супермаркетінде РФ, Мәскеу қ., «Черкизовский мясоперерабатывающий завод» ЖШҚ-ның «Аппетитные классические» сосискаларында, «Русская Черкизовская» пісірілген шұжығында, РФ, Тольяти қ., «ПК «Фабрика качества» ЖШҚ өндірген «Мускатный» сервелатында, «Чесночной» жартылай ысталған шұжығында натрий нитритының 3 есеге дейін артуы анықталды. Ет өнімдерінің 54 сынамасында өнімдерді таңбалау бөлігіндегі сәйкес келмеу анықталды. Сәйкес келмейтін өнімдер Қазақстан Республикасының мынадай ірі сауда кәсіпорындарында сатылған: Ақмола облысында «Орталық гастроном» супермаркеті, «Анара» дүкені, «Алтын Плаза» СО; Алматы қаласында «Magnum» супермаркеттері, «Юбилейный» супермаркеті, «Green Mart» супермаркеттері; Алматы облысында «City Plus» супермаркеттері; Батыс Қазақстан облысында «Лидер» дүкені, «Бәйтерек» супермаркеті; Қарағанды облысында «ЮМА» фирмасы ЖШС супермаркеттері, «Аян» СҮ, «Қазақстан» дүкені; Қызылорда облысында «Аль-Асад» СҮ, «Small» СҮ. Техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін ет өнімдерінің техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган берген сәйкестік туралы декларациялары болған. Аумақтық департаменттер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда объектілерінен де, жеткізушілердің қоймаларынан да жоғарыда көрсетілген өнімдерді айналымнан алып тастау бойынша іс-шаралар жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар