Ресейден әкелінген ағаштан карантиндік зиянкес табылды

АСТАНА.KAZINFORM — Ақмола облысында өсімдіктерді карантиндік тексеру барысында қарағайдың қара мұртты қоңызының құрттары анықталды. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі мәлім етті.

Ресейден әкелінген ағашта карантиндік зиянкес табылды
Фото: АШМ

Көлемі 40 текше метр болатын қарағайдан дайындалған ағаш материалдары Ресейдің Қорған облысынан әкелінген.

Ресейден әкелінген ағашта карантиндік зиянкес табылды
Фото: АШМ

Тексеру кезінде ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Көкшетау қалалық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары өнімнің залалдану белгілерін анықтады.

Зертханалық сараптама қорытындысында аталған зиянкестің дернәсілдері бар екені расталды.

Ресейден әкелінген ағашта карантиндік зиянкес табылды
Фото: АШМ

Белгіленген талаптарға сай келмейтін карантиндік өнімді әкелгені үшін жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Карантиндік нысандардың елге әкелінуі мен таралуының алдын алу, сондай-ақ өсімдік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады.

Айта кетейік, бұған дейін Үкімет СҚО-да ағаш өңдеу зауытын салу жөніндегі инвестициялық келісімді мақұлдағанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар