12:43, 03 Маусым 2014 | GMT +5
Ресейден Қазақстанға қауіпті деген күдікпен 20 тонна сәбіз қайтарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Новосібір облысы бойынша Ресейдің ауылшаруашылығын қадағалау басқармасының инспекторлары фитосанитарлық қатері бар көкөніс өнімдерінің ірі партиясын Қазақстанға қайтарды, деп хабарлады ресейлік ведомствоның баспасөз қызметінен.
20 тонна сәбіз тиелген жүк көлігі Қазақстаннан Кемеров облысына бет алған еді. Карантиндік фитосанитарлық бақылау кезінде бұл өнімнің фитосанитарлық қауіпсіздігін растайтын сертификатының жоқ екені анықталды. Карантиндік шаралар заңына қатысты талаптарға сәйкес РФ аумағына карантиндік объектілердің енгізілу мүмкіндігіне және таралуына жол бермес үшін ірі көлемдегі сәбіз партиясы Қазақстанға қайтарылды.