Ресейден келген шабандоздар көк бөріден қола жүлдегер атанды
АСТАНА. KAZINFORM – Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Ресейден келген шабандоздар көк бөріден қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін, «Қазанат» ипподромында Ресей көк бөрі командасымен түркиялық шабандоздар үшінші орын үшін сынға түсті. Нәтижесінде 12:4 есебімен Түркия командасын жеңіп, жүлдегер атанды.

Осы ойыннан кейін, Қазақстан көк бөрі командасымен Қырғызстан көк бөрі командасы алтын жүлде үшін сайысқа түседі.

Көк бөрі – Қырғыз халқының жауынгерлік ат спорты өнері. Бұл ойынға білекті де жүректі жігіттер менбелді аттар іріктеледі. Жеңіске жету үшін де тұлпар мен спортшының бірлесіп әрекет еткені аса маңызды. Серкені жерден алып үлгерген шабандоз доданы жарып өтіп, оны қарсылас команданың қазандығына салуы керек.
