Ресейден жеткізілген 120 тонна өнім кері қайтарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Ресейден жеткізілген 120 тонна өнім кері қайтарылды. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Әбуәли Әлібек айтты.
None
None

«22 ақпан мен 9 наурыз аралығында карантинге жатқызылған 120 тонна өнім Ресей Федерациясына қайтарылды. Оған Қазақстанның және Еуразиялық экономикалық одақтың фитосанитарлық заңнамасын бұзу себеп болды. Бұған қоса, 3-7 наурыз аралығында  Қырғызстанға 23 тонна карантинге жатқызылған  өнім қайтарылды. Оған да жоғарыдағы себеп түрткі», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар