Ресейдің «ЕвроХим» компаниясы Жамбыл облысының Сарысу және Талас аудандарына екі жедел жәрдем көлігін сыйлады

ТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Ресейдің «ЕвроХим» Минералды-химиялық компаниясы» ААҚ болашақта фосфорит кен орнын игеру және минералды тыңайтқыштар зауытын салу көзделіп отырған Жамбыл облысының Сарысу және Талас аудандарына екі жедел жәрдем көлігін сыйлады.
None
None

Бұл туралы компанияның Қоғамдық байланыстар және коммуникациялар басқармасынан хабарлады.

50 мың АҚШ доллары тұратын екі реанимациялық көлік жедел медициналық жәрдем көрсету үшін қажетті барлық жабдықтармен жарақталған. Олар аудандық аурханаларға қызмет ететін болады.

Фосфор кен орындарын игеру үшін Қаратау бассейнінде тау-кен байыту комбинатын сондай-ақ, фосфорлы және азотты тыңайтқыштарды өндіретін зауыттарды салу шешімін 2008 жылдың қазанында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қолдады. Ал 2009 жылы Астанада өткен Ресейдің ұлттық көрмесінде Ресейдің Өнеркәсіп және сауда министрі Виктор Христенко мен Қазақстанның Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев «ЕвроХимнің» инвестициялық жобасын мақұлдады.

Ресейдің агрохимиялық өнеркәсіп саласында «ЕвроХимнің» дамыған тиімді корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жүйесі бар. 10 жылдың ішінде әлеуметтік жобаларға барлығы 2,2 млрд. рубль жұмсалды.

Соңғы жаңалықтар