Ресейдің Пенза облысы бірлескен инвестициялық жобалар әзірлеуді ұсынып отыр

None
None
АСТАНА. Желтоқсанның 8-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанаға  сапармен келген Ресейдің Пенза облысының вице-губернаторы ҚР Индустрия және сауда министрлігіне бірлескен инвестициялық жобаларды әзірлеуді ұсынды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресейден келген делегацияны Индустрия және сауда министрінің міндетін атқарушы Тимур Жақсылықов қабылдады.

«Қазақстанмен өзара қарым-қатынасты нығайтуға көптеген кәсіпорындардың тарапынан қызығушылық туындап отыр. Сондықтан біздің сапар бұдан арғы дамудың жоспарын жасауға, яғни өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделуде. Осы орайда іскерлік ынтымақтастықтың жаңа формаларын іздестіру керек деп санаймыз»,-деді Пенза облысының вице-губернаторы Вячеслав Сатин.

Ол әр сала бойынша Қазақстан мен Ресей капиталының қытысуымен бірлескен кәсіпорындарды құру қажет екенін айтып өтті.

«Біз Қазақстан аумағында және Пенза облысының өңірінде бірлесіп түрлі көрмелерді өткізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар біз Қазақстан мен Ресей капиталының қатысуымен бірлескен инвестициялық жобаларды әзірлеуді ұсынғымыз келеді»,- деді В. Сатин.

Пенза облысының вице-губернаторы алдағы жылдың басында Алматы және Қостанайдан іскерлік миссияларды күтіп отырғандығын, сонымен бірге Ресей тарапының делегациясы еліміздің бірқатар аймақтарына сапармен баратынын жеткізді.

Кездесу барысында Ресейдің аталған облысының білім беру мен денсаулық сақтау мекемелері, ғылыми институттары ортақ жобаларды іске асыру ұсыныстарын жасады.

Соңғы жаңалықтар