17:57, 30 Қараша 2011 | GMT +5
Ресейдің Жинақбанкі және оның еншілес қаржы ұйымы «Қазақстан темір жолы» компаниясының инвестициялық жобаларын қаржыландырады
ТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Ресейдің Жинақбанкі және оның Қазақстандағы еншілес қаржы ұйымы «Қазақстан темір жолы» компаниясының инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларын қаржыландырады.

Жалпы сомасы 442 млрд. теңгені (3 млрд АҚШ доллары) құрайтын ынтымақтастық туралы меморандумға бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің қатысуымен Жинақбанкі мен оның еншілес банкінің бірінші басшылары Греман Греф пен Олег Смирнов және «Қазақстан темір жолы» атынан Асқар Мамин қол қойды.
Атап айтқанда, бөлінген қаржы Қазақстанда локомотивтер, электрпойыздар, жолаушылар және жүк вагондар шығаратын кешен салуға, оларға қызмет көрсетуге, күрделі жөндеу жұмыстарына жұмсалады.
Ресей Жинақбанкі баспасөз қызметі мамандарының атап өтуінше, тараптар бірыңғай экономикалық кеңістік аясында бизнес пен мемлекет байланысын күшейте отырып, екіжақты ынтымақтастықты мемлекетаралық деңгейде дамыта бермек.