Астанада мыңға жуық адам марафонға қатысты

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада кәсіподақтар қозғалысының құрылғанына 120 жыл, «Таза Қазақстан», «Жұмысшы мамандықтар жылы» тақырыбына арналған марафон ұйымдастырылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі жариялады. 

Астанада мыңға жуық адам марафонға қатысты
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Спорттық іс-шараға кәсіподақ жетекшілері мен белсенділері, қала тұрғындары, балалардан жасақталған 1000-ға жуық адам қатысты.

— Бүгінгі спорттық іс-шара достықтың, ынтымақтастықтың мерекесі деп айтуға болады. Биыл өздеріңіз білетіндей, Жұмысшы мамандықтар жылы аталып өтуілуде. Осы орайда бүгінгі жарысымызға қатысушылардың басым көпшілігі қызметкерлерден құралып отыр. Спорттық жарыстың ерекшелігі — бұған дейін республикамыздағы басқа өңірлерде де осындай жүгірістер өткен болатын. Бүгін шешуші шарамызды Астанада ұйымдастыруды жөн көрдік. Ал жүгірістен түскен қаражатымыз мейірімділік қорына бағытталады, — деді ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин.

Қатысушылар жарыс барысында ересектер 1.6, 5, 10 шақырымға жүгірсе, балалар 400 бен 1 шақырым қашықтықты бағындырды.

Ынтымақтастық жүгірісі Кәсіподақтар федерациясы тарихында екінші мәрте өткізілді. 2024 жылы қатысушылар Ботаникалық бақта атмосферасын сезінсе, биыл қайта жөндеуден өткен Триатлон саябағында қашықтықтарды еңсерді.

— Мен Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязевка ауданынан жүгіруге арнайы келіп отырмын. Білім саласында қызмет етемін. Ауылдық жерде тұрғандықтан, күнделікті жүгіріп, волейбол ойнау арқылы салауатты өмір салтын ұстануға тырысамын. Әлеуметтік желіден бүгінгі шараны көріп, мерекенің бір мүшесі болуды ұйғардым. Бірінші рет ресми спорттық жарыста 10 шақырымды жүгіріп өттім. Барлығы керемет, — деді шараға қатысушы Әлия Анапьянова.

Қашықтықты бағындырған барлық спортшы марапатқа ие болып, қатысушылар арасында лотерея арқылы сыйлықтар ойнатылды.

Айта кетейік, қарулы күштердің әскери қызметшісі 600 шақырымдық супермарафонды еңсерді.

Соңғы жаңалықтар