Ресейдің Камчаткасында Шивелуча жанартауы атқылап жатыр

АСТАНА. KAZINFORM - Ресейдің Камчаткасында Шивелуча жанартауының атқылай бастауына байланысты авиация кодының «қызыл» деңгейі жарияланды.

Камчаткадағы жанартау
Фото: kamtoday.ru

Бұл туралы Ресей ғылым академиясының қиыр шығыстағы бөлімінің Telegram каналынан мәлім болды, деп жазады ресейлік ТАСС.

«Жанартаудың күлі шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай 492 км қашықтыққа тарады. Қызыл түсті авиация коды жарияланды. Яғни, вулкан жергілікті және халықаралық әуе тасымалдары үшін қауіпті»,-делінген хабарламада.

Шивелуча жанартауы Камчаткада 18 тамыз күні Каран және Ресей ғылым академиясына 300 жыл мұнараларында атқылады. Жанартаудан шашыраған күл алдын ала мәлімет бойынша теңіз деңгейінен 8 км биіктікке көтерілген.

Шивелуч жанартауының белсенділік таныта бастағанынан 60-70 жыл болған.

Айта кетейік, Шивелуча жанартауы 17 тамызда Тынық мұхиты акваториясында Ресейдің Петропавловск-Камчатка округінен оңтүстік-шығысқа қарай 118 км қашықтықта болған 7,1 магнитудалық жер сілкінісінен кейін басталған. 

Соңғы жаңалықтар