Ресейдің Кемерово облысында 5,2 балдық жер сілкінісі болды

АСТАНА. KAZINFORM — Сейсмологтар бүгін Батыс Сібірдің оңтүстік бөлігінде және Ресейдің Кемерово облысының Кузбасс аймағында күшті жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Қазақстан ұлттық деректер орталығы.

Землетрясение магнитудой 5,2 произошло в Кемеровской области России
Фото: Қазақстан Ұлттық деректер орталығы

ҚР Ұлттық ядролық орталығының Геофизикалық зерттеулер институты Қазақстан деректер орталығының деректеріне сәйкес, жер сілкінісі 2026 жылдың 10 қазанында Астана уақыты бойынша таңғы сағат 5:47-де (Гринвич бойынша таңғы сағат 00:47) тіркелген.

Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендік бойынша 54,04 градус, шығыс бойлық бойынша 86,47 градус.

Магнитудасы: 5,2. Энергетикалық класы: 11,8. Тереңдігі: 1 км.

Түркияның оңтүстігіндегі Османия провинциясының Сумбас аймағында 5,2 балдық жер сілкінісі болғанын жазған едік.