Ресейдің ірі әуежайларында көші-қон бақылау пункттері ашылды

АСТАНА. KAZINFORM – Ресейдің Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Ирина Волк Telegram-арнасында Ресейдің ең ірі әуежайларында алғашқы 12 көші-қон бақылау пункті іске қосылғанын хабарлады.

Пункты миграционного контроля открылись в российских аэропортах
Фото: РФ ІІМ

Ведомство дерегінше, жаңа пункттер Мәскеу, Санкт-Петербург, Сочи, Қазан, Новосибирск, Красноярск, Екатеринбург және өзге де бірнеше қаланың әуежайларында жұмысын бастады.

— Көші-қон бақылау пункттері шекара маңындағы теміржол станцияларында, сондай-ақ су және автокөлік өткізу бекеттерінің жанында да ашылады, — деп жазды Ирина Волк.

Министрлік өкілінің айтуынша, бұл пункттердің негізгі міндеті — көші-қон заңнамасын бұзған шетел азаматтарын анықтау.

Айта кетейік, жыл соңына дейін Қазақстанда көші-қон процесін реттейтін цифрлық платформа енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар