Ресейге қатысты ЕО мен АҚШ ықпалшаралары ЕАЭО-тың қызметіне еш әсер етпейді - А. Коньков
Бұл туралы рrimeminister.kz хабарлады.
«Ықпалшаралар мен олардан туындайтын ақпараттық әсерді бөлу қажет. Осы тұрғыдан бұл ықпалшаралар одақтың қызметіне ешқалай әсер етпейді. Бұл ықпалшаралар қандай мақсатта жасалатыны түсініксіз. Осыған қатысты РФ қауіптенуі бар өз серіктестерімен диалог жүргізеді», - деді А. Коньков.
Оның айтуынша, ЕАЭО ДСҰ ережелеріне сәйкес қалыптасады, сондықтан «барлық экономикалық емес шаралар мен риторикалар қысқа мерзімді сипатқа ие».
РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің қолданбалы саясаттану кафедрасының доценті Евгения Махмутова атап өткендей, ықпалшаралар мақсаттарының бірі - ЕАЭО ішінде тұрақсыздық енгізу, басқа елдердің еуропалық инвесторлары тарапынан оған деген сенімді жою.
«Бұл ықпалшаралардың маңызын асыра айтпас едім, ЕАЭО-тағы кәсіпкерлердің өзі осы ықпалшараларды енгізуге қауіппен қарайды деп айта алмаймын. Жағдай осы ықпалшараларға жауап ретінде қолданылатын шараларға байланысты болады», - деп түсіндірді ол.