Ресейлік 8 жыл бойы Қазақстанда тіркеусіз жүрген
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қандыағаш стансасындағы Желілік полиция бөлімі қызметкерлері Қандыағаш стансының қабылдап-тарату орнындағы ер азаматтың жеке басын анықтады. Ол Ресей Федерациясы Уссурийск қаласында туған 44 жастағы азамат болып шықты.
Тексеру барысында анықталғандай, құқықбұзушы 2008 жылы «Бейнеу» бақылау-өткізу пункті арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтіп, содан бері Қазақстан Республикасының аумағында тіркеусіз жүрген, деп хбарлады Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.
Аталған факт ҚР ҚК 392 бабының 1 тармағы бойынша (ҚР Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) сотқа дейінгі тергеудіің бірыңғай реестрінде тіркелді.
Тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, Көліктегі ІІД қызмет көрсету аумағында ағымдағы жылғы 16 және 20 мамыр аралығында «Заңсыз келуші» ЖПІШ өткізілуде.