Ресейлік бойжеткен "Хан Шатыр Аруы - 2011" халықаралық байқауының жеңімпазы атанды

Ұйымдастырушылар атап көрсеткендей, байқауға Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь, Қырғызстан және Израильден барлығы 19 ару қатысты. Қазақстанның намысын Астана, Петропавл, Павлодар, Көкшетау, Қостанай және Шымкент қалаларынан 8 бойжеткен қорғады.
Байқау үш кезеңмен өтті. Қыздар сахнада коллекциялық көйлектердің, бикинилер мен кешкі көлектердің көрсетілімін жасады.
Нәтижесінде, бірінші орынды Ресейдің (Түмен) 20 жастағы бойжеткені Элла Шаламова жеңіп алды. Хан Шатырдың 2011 жылғы 1-інші вице-аруы оның құрдасы қазақстандық Индира Жүсіпова (Астана) атанды.
2-інші вице-ару атағы сондай-ақ Ресейдің (Мәскеу) 22 жастағы сұлуы Юлия Ярошевичке бұйырды.
Ал 3-інші және 4-інше вице-арулары болып сәйкесінше 24 жастағы қазақстандық (Қостанай) Оксана Терпиловская мен 21 жастағы ресейлік (Хакассия Абакан) Наталья Чиркова атанды.