Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразия кеңістігіндегі ықпалдастықты дамыту ісіне қосқан үлесін жоғары бағалады - Б.Майлыбаев

Бұл туралы ол бүгін Астанада өтіп жатқан еуропалық және азиялық медиафорум барысында айтты.
«Жуырда Мәскеуде Кедендік Одаққа мүше мемлекеттердің Президенттері еуразиялық, экономикалық ықпалдастық жөніндегі декларация мен еуразиялық экономикалық комиссия жөніндегі келісімге қол қойды. Біз Еуразиялық Одақтың қалыптасуының куәсі болып отырмыз. ТМД кеңістігінде Еуразиялық Одақ идеясының авторы Қазақстан басшысы екендігі жақсы мәлім. 1994 жылы бұл бастаманы алғаш рет Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көтерген болатын. Осыған қарай бүгінгі мінберді пайдалана отырып, мен ресейлік ақпарат құралдарының өкілдеріне алғысымды білдіргім келеді. Олар Қазақстан Президентінің Еуразия кеңістігіндегі ықпалдастықты дамыту ісіне қосқан үлесін жоғары бағалап отыр», - деді Б.Майлыбаев.