10:22, 02 Қаңтар 2010 | GMT +5
Ресейлік екі альпинист Алматы облысында болған қар көшкінінің астында қалды
АСТАНА. Қаңтардың 2-сі. ҚазАқпарат - Ресейлік екі альпинист Алматы облысында болған қар көшкінінің астында қалды. Бұл ақпаратты еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі таратып отыр.

Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше оқиға желтоқсанның 31-інде сағат 13:30-да Алматы облысының Талғар ауданындағы Абай шыңының Тұйықсу учаскесінде орын алған. Көшкіннің астында қалған екі спортшыны құтқарушы альпинистер қар астынан шығарып, ауруханаға жеткізген.