20:10, 11 Қараша 2013 | GMT +5
Ресейлік-қазақстандық бірлескен кәсіпорындардың саны тұрақты өсуде - В.Путин
ЕКАТЕРИНБУРГ. 11 қараша. ҚазАқпарат - Ресейлік-қазақстандық бірлескен кәсіпорындардың саны тұрақты өсуде. Бұл туралы бүгін ҚР мен РФ аймақаралық ынтымақтастығының 10-шы мерейтойлық форумында РФ Президенті Владимир Путин айтты.

«Ресейлік-қазақстандық кәсіпорындардың саны тұрақты өсуде және қазірдің өзінде бес мыңнан асып жығылады. Олар іс жүзінде барлық басты салаларда шикізатты өндіріп, өңдеуден бастап ақпараттық салаларға дейін ынтымақтасуда. Ағымдағы жылдың 9 айында қырықтан астам бизнес делегациялар сапарлары орын алып, елу бес мамандандырылған көрме ұйымдастырылды», - деді В.Путин. РФ Президенті өз сөзінде Қазақстанда құрылған перспективалы жобалар ретінде ресейлік тікұшақтарды құрастыру және сервистік қызмет көрсету, сонымен қатар аталған тікұшақтармен Алматының құтқару қызметін жабдықтау өндірісін атады. «Қарағанды фармацевтикалық комбинатының базасында дәрі-дәрмектік препараттардың бірлескен өндірісі жолға қойылуда. «Уралвагонзауыт» Қазақстанда жылжымалы құрам үшін двигательдер шығаратын жаңа кәсіпорын құруды жоспарлауда. Бұған дейін Павлодарда өткен аймақаралық форумда талқыланған жобалар бойынша да жұмыстар жалғасуда», - деді ол.