Ресейлік Новосібірден Астанаға велосипедпен келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей азаматы Артур Алиев Астанада өтіп жатқан халықаралық марафонына қатысу үшін Новосібірден велосипедпен келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Новосібірден жалғыз велосипедпен келдім. Өзім үшін 1100 шақырымдық велосипед бағдарын таңдауым керек еді. Новосібірде пойызбен немесе велосипедпен келуім керек еді. Пойызда 4 күн жүрем. Алайда мен велосипедпен 11 күнде жеттім», - дейді ол.

Артур осы сапарында мүлде шаршамағанын айтады.

«Алыс қашықтықты бағындырып, тіпті қанаттанып кеттім десем де болады. Тағыда 3 мың шақырымды жүріп өткім келеді. Өзімді «қозғалыстағы автономия» деп айтар едім. Өзіммен бірге бәрі де бар. Жол таңдағанда әсем өңірлермен жүруді қалаймын. Сапардан керемет демалып қаламын», - дейді Артур Алиев.

Кәсіби токарь бола тұра демалыстың «тың түрін» таңдап алған жас жігіт бұрын Ялтаға дейінгі 700 шақырымды да бағындырған екен.

«Болашақта жолы ұзақ сапарларды таңдап, өзім білмейтін елдерді аралағым келді. Менің мақсатым - көбірек адамдармен танысу арқылы өз-өзімді тану», - дейді ол.

Еске сала кетсек, бүгін Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің халықаралық марафоны өтіп жатыр.  

Соңғы жаңалықтар