Ресейлік полицейлер 14 жыл бойы қашып жүрген қостанайлықты ұстады

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат - Қостанайлық тəртіп сақшылары  Ресей полициясымен бірге 14 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскерді қамауға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

11 қазанда мемлекетаралық "Іздеу" операциясы барысында РФ Екатеринбург қаласында 40 жастағы ҚР азаматы ұсталды. Ол Қостанай ауданында екі рет мал ұрлығымен айналысқаны үшін айыпталуда. Белгілі болғандай, 2002 жылы Майкөл ауылында өзінің серіктесімен бір жылқы мен сиырды барымталаған. Кейін бұлар Ударник ауылына келіп, тағы бірнеше түлікті алып кеткен. Ұрыларға іздеу салынып, Қостанай соты шартты түрде жаза тағайындады.

"Полицейлер оларды 14 жыл бойы іздеді. Бір қылмыскер əйелі жəне үш баласымен бірге РФ территориясына қашып келген. Мұнда жұмыс істемегені анықталды. Тек заңсыз түрде құрылыс жұмыстарымен айналысып келген", - деді ведомство өкілі.

Ұрыны табу үшін қостанайлық тəртіп сақшыларына РФ Свердлов облысының полицейлері көмектесті. Олар ұрыны жалдамалы пәтерінен тапқан.

Қазірг сəтте барымташы Екатеринбург түрмесінде отыр. Алдағы уақытта Қостанайға ауыстырылады.

Соңғы жаңалықтар